Мамандыққа байланысты мәтіндермен жұмыс. Сөз таптарының түрлері.

1. Оқылым. Мәтінді оқыңыз. Өз ойыңызды жалғастырыңыз.

 

Кәсіби лексика - белгілі бір мамандық, кәсіп аумағында қолданылатын және сол мамандықтың адамдарына ғана түсінікті болып келетін сөздер. Бүгінгі күні қазақ тілін кәсіби өз мамандықтары бойынша терминдерді меңгерте оқыту талап етілуде. Ал терминдерді оқытудағы басты мақсат – болашақ маманға мамандығына қатысты сөздерді үйретумен қатар сөздік қорын байыту, яғни үйренген терминдерді күнделікті өмірде, келешекте қызмет барысында қолдануға машықтандыру.

 

2. Сөйлесім.  Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.       Өз мамандығыңыз бойынша қандай кәсіби сөздермен таныссыз?

2.       «Кәсіби лексика – табысты жұмыс істеу кепілі». Осы пікірмен келісесіз бе?

 

3. Жазылым. Түсіндірме сөздікті пайдаланып, кәсіби сөздердің анықтамасын есте сақтаңыздар.

 

Терминдер

1. Мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. (монитор).

2. Дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. (пернетақта).
3. Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде қандай объект қабылданған? (Файл).

4. Бұл термин латынның түсіндірілу, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. (информация).

5. Соңғы кезге дейін ең кең таралған, арзан, әрі пайдалануға қолайлы принтер (матрицалық).

6. Ақпараттың құрамдас бөлігі – (мәлімет).

7. Тышқаның ағылшынша аталуы – (маус).

8. Текстің қазақша аталуы – (мәтін).

9. Мәліметті басып шығару құрылғысы – (принтер).

10. Мәліметтерді тасмалдау құралдарының бірі – (диск).

11. Жадтың көлемі немен өлшенеді – (байт).

12. Файлдың аты кез-келген шектелген нелерден тұрады (әріптер).

13. Компьютердің ең негізгі құрылғысы – ( жүйелік блок).

14. Көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық схема - (процессор).

15. Алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы – (модем).

16. Қандай мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер және цифрлы фотокамералар қолданылады (графиктік).

17. Графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы – (тышқан).

18. Кескінді құрайтын кішкене нүктелер – (пиксель).

19. Аналық тақшада орналысатын құрылғылардың бірі – (слоттар).
20. Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен _____________ деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Сол өткізгіштер қалай аталады  (шина).

21. Таңбашаның орысшасы. Ол объектіге нұсқағыш қызметін атқарады (ярлык).

22. Ақпаратты қағазға жазып өзге жерге жіберуді не деп атайды? (хат)
23. Монитормен бірігіп дербес компьютерді ішкі бейнежүйесін не құрайды? (бейнекарта)

24. Компьютерлік ойындарда қоданылатын қолмен басқарылатын тетік - (джойстик).

Қорытынды тапсырма. Өз кәсіби салаңыздың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ой бөлісіңіз.


.